Басты бет > Саясат > ОҚО-да алғашқы көктемгі егістік өнімі жиналуда

ОҚО-да алғашқы көктемгі егістік өнімі жиналуда

Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы көктемгі егістік өнімі жиналуда. Көктемгі дала жұмыстарына ерте қамданатын Сарыағаш пен Мақтарал ауданының шаруалары ерте егілген қырыққабат өнімдерін жинай бастады.

Бүгінде Мақтаарал ауданының Атамекен ауылдық округінің диқандары алғаш өнім берген қырыққабат дақылының 20 тоннасын Атырау қаласына жіберсе, сарыағаштық шаруалар бұл өнімнің 15 тоннадан астамын жинап, Алматы қаласы мен Солтүстік аймақтарға жөнелтуде.

Ақпанның басында егіліп, бүгінде өнімін беріп жатқан қырыққабат дақылы Мақтааралда 892,5 гектар жерге егілген және ол былтырғы жылмен салыстырғанда 112,8 гектарға артық. Ал жылына қырыққабатты үш мезгіл бойына егіп, өнім алатын сарыағаштық диқандар 1,5 мың гектар жерге ерте көктемгі қырыққабат ексе, жаз және күз айларында 5500 гектарға аталған дақылдың бірнеше сортын егеді.

Ал мақтаралдық диқандар салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың нидерландық пандион сұрпын еккен. Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс өте жоғары.

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында 320 мың гектар жерге көктемгі егістік егілген. Оның 42 мың га арпа, 109,5 мың га мақсары, 51,6 мың га жоңышқа, 15,5 мың га картоп және 60 мың га бақша, 41 мың гектар жерге көкөніс дақылдары.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.