Басты бет > Хабар > ОҚО-дағы орман тұқымбақтарында биыл 20 миллион көшет өсірілмек

ОҚО-дағы орман тұқымбақтарында биыл 20 миллион көшет өсірілмек

4
views

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы орман қоры жерінің 10500 гектарына сексеуіл тұқымы себіледі. Сонымен қатар 1000 гектар жерге мәдени екпелер егіліп, 5500 гектар алқапқа орманның табиғи ұрпақтануына ықпал жасау жұмыстары жүргізілетін болады. Аталған жұмыстар Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың 2013-2020 жылдарға арналған іс-шара жоспарының «Экожүйелерді басқару» бөлімін іске асыру аясында атқарылмақ. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мәлім етті.

Олардың айтуынша, аталған іс-шара жоспары шеңберінде орман тұқымбақтарындағы көшеттердің санын биыл 20 миллионға жеткізу жоспарланған. Ал мұнда өткен жылы 16,3 млн. дана көшет өсірілген екен. Орманды молайту шараларын жүргізу нәтижесінде, орманмен көмкерілген аумақ 2016 жылы 6,3 мың гектарға, 2017 жылы 9,3 мың гектарға ұлғайтылған. Осылайша орманмен көмкерілген алқап 1 млн. 629 мың гектарға жеткен. Бұл жалпы аумағы 3 млн. 139 мың гектар болатын орман қорының 51 пайызын құрап отыр.

Жасыл экономикаға көшу бойынша бұдан басқа облыстағы елді мекендерді көгалдандыру мақсатында 2017-2021 жылдарға арналған «Шатқал» іс-шара жоспары бекітілген.

Алдағы бес жыл уақыт аралығында облыстың елді мекендердегі 36659 гектар болатын жерге 15,5 млн. түп ағаш көшеттері егілетін болады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *