Басты бет > Саясат > ОҚО-дан Шығыс Қазақстанға көмек күші жіберілді

ОҚО-дан Шығыс Қазақстанға көмек күші жіберілді

Шығыс Қазақстан облысында қалыптасқан су басу жағдайына байланысты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы генерал-майор В.Беккердің тапсырмасына сәйкес авариялық-құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды жедел жүргізу үшін «ОҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы (Шымкент қ.» ММ-ның жеке құрамында 10 адам және ОҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-ның жеке құрамында 16 адам, 30 мотопомпа 2018 жылғы 25 наурызда сағат межелі жерге Шымкент әуежайынан ұшты. 

Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербісрв жедел топтарды қалыптастыруға тікелей басшылық жасап, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша әрбір құтқарушымен жеке нұсқау өткізді. 

Күннің күрт жылынуына және ерінді сулардың қалыптасуына байланысты Глубоковское ауданында оншақты тұрғын үйлер мен аула учаскелерін су басқан. Сондай-ақ, Шемонаиха ауданында Уба өзенінде мұздың ерте жүруіне байланысты кептеліс пайда болды.  Аудандық азаматтық қорғау қызметінің барлық күш және құралдары күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Шығыс қҚзақстан облысының осы екі ауданында жергілікті көлемдегі төтенше жағдай жарияланып қойған. 

Еліміздің шығыс өңіріне көмек көрсету үшін және көктемгі мезгілдегі ТЖ тиімді төтеп беру үшін басқа аймақтардан қосымша күш және құралдарды жұмылдыру туралы басшылық тарапынан шешім қабылданған.  

Азаматтық қорғау подполковнигі Н.Таукеевтің басшылығымен Оңтүстік Қазақстан облысынан қалыптастырылған құтқарушылардың топтары Өскемен қаласына жетуі тиіс. Мамандар ол жерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін бөлінеді. 

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.