Басты бет > Білім > Отырар тарихы: аңыз бен ақиқат

Отырар тарихы: аңыз бен ақиқат

Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, жастарды туған өлке тарихын іздену, зерттеуге талпындыру, туған жердің тарихын таныту арқылы оған деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Отырар тарихы: аңыз бен ақиқат атты жасөспірімдер арасындағы зерттеу жұмыстарының байқауы өтті.

Байқауға 18 мектептен 14-16 жас аралығындағы 18 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Байқауда әділ қазылар алқасының төрағасы Сағындық Қыдыр, мүшелері- аудандық білім бөлімінің әдіскері Бейсеңгіров Мырзан, зерттеуші, тарихшы Бекжан Бейсенбай,Отырар археологиялық-қорық музейі директорының орынбасары Серік Ақылбек және өлкетанушы Абдулла Жұмашев төрелік етті.

Шығармашылық байқауда оқушылар туған жердің тарихынан сыр шертіп, батырлар жөнінде жазған ғылыми жұмыстарды қорғап шықты. Кейбір оқушылардың жұмысында ел естімеген аңыздар мен жер су аттарының беймәлім сыры ашылмаған атаулары кездескендігі олардың тыңғылықты дайындалғанын, ізденгенін білдірді.

Кеш барысында Әбу Нәсір әл-Фараби бабамыз туралы деректі фильм көрсетіліп, әуезді ән тыңдалды.

Бас жүлдені Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Базарбай Аружан, Бірінші орынды Ы.Алтынсарин орта мектебінің 8 сынып оқушысы Салы Бейбінұр, Екінші орынды Шенгелді орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сексенбай Балнұр және П.Әйтменов негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы Қалдыбай Құндызай, Үшінші орынды А.Дәрібаев орта мектебінің 8 сынып оқушысы Мәжит Нұрсәуле және Абай орта мектебінің оқушысы Шабаз Шұғыла иеленді. Байқауда үздік деп танылған жоба жеңімпаздарын арнайы алғыс хаттар мен сый-сыяпатпен марапаттады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл байқау, жас зерттеушілердің өлке тарихын зерттеуге деген құлшынысын арттырып қана қоймай тарихымызды тың деректермен толықтырды

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.