Басты бет > Мәдениет > ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫН ҚАБЫЛДАДЫ

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫН ҚАБЫЛДАДЫ

27
views

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың, сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту үшін қажетті барлық жағдайды жасаудың маңыздылығын үнемі айтып келеді.

Елбасымыз айтқан міндеттер Түркістан облысы Отырар ауданында жүйелі түрде жүзеге асуда. Аудан әкімі Ерлан Айтахановтың  бастамасымен ауыл округтерінде бірнеше спорт алаңшалары салынып, жалпы халықты спортпен шұғылдануға тарту жұмыстары басты назарға алынған. Жергілікті билік тарапынан ерекше қолдаудың арқасында ауданда дэю-до күресінен Балнұр Аппазова, Қазақ күресінен Қалмұқан Тұрмаханбеттер ҚР чемпионы атанды. Ұлттық спортымыз тоғызқұмалақтан Азия ойындарының жеңімпазы Аружан Салман сынды бірнеше спорт саңлақтарының есімі елге танылды. Аудан спортын дамыту мақсатында алдағы уақытта аудан орталығындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы спорттық-сауықтыру орталығымен бірге Шәуілдір ауылында бой көтеретін 210 орындық «Оқсыз» бен Ақтөбе ауылындағы Ә.Қамбаров атындағы спорт кешендері аудан спортын өркендету жолында жұмыстар атқаруда.
Таяуда ғана Индонезияда өткен XVIII жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 76 медаль жеңіп алды. Оның 15 алтын, 17 күміс, 44 қола алқа. Осы додаға қатысқан отырарлық Бағлан Ибрагим самбо күресін 52 келі салмақта жеңімпаз атанған болатын.

                                             Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *