Басты бет > Мәдениет > Отырарға Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті  елшісі келді

Отырарға Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті  елшісі келді

Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті  елшісі Рахмат Прамоно жұбайы және елшілік қызметкерлерімен келді.

Ресми қонақтар әуелі Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейімен танысып, күллі мұсылман қауымы тәу ететін Арыстанбаб кесенесіне зиярат етті.  музей қызметкері  Нұрсейіт Әмзе Отырар мен Арыстанбаб тарихы және  аңыздары жөнінде  қонақтарға мәлімет беріп, пікір алмасты.
Мәртебелі меймандарға қазақы дәстүрмен бауырсақ пен шұбат ұсынылып, аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов үш тілде жарық көрген “Отырар жәдігерлері” альбом кітабы мен құмырашы Жанұзақ Баумыш жасаған құмыраларды табыстады.
Индонезия Қазақстанмен дипломатиялық қатынасты 1993 жылдың 2 маусымынан орнатты. Осы уақыттан бері  екі елдің экономикалық және саяси қатынасы жақсы жолға қойылған. Енді міне, туристік бағытта да барыс-келіс жандана түспек. Р.Прамоно 2017 жылдың мамырынан біздің елде елшілік қызметте.
Су мен ауадан ақша жасап отырған Индонезиядан үйренеріміз көп-ақ. Аралдар тізбегінен тұратын  мемлекеттің бюджетін туризм саласы толтырып тұр. Басты байлығы жайлы климаты мен мәдениеті болып табылатын елдің туристерді тартуда бәсі жоғары. Әлемде адам саны жөнінен 4 орын (266 млн.), жер көлемі жағынан 14 орын алатын 88 проценті  мұсылман болып табылатын елдің елшісі біздің өлкеден риза пейілмен аттанды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.