Басты бет > Мәдениет > ОТЫРАРЛЫҚ ОТБАСЫЛАР СПОРТТЫҚ САЙЫСҚА ТҮСТІ

ОТЫРАРЛЫҚ ОТБАСЫЛАР СПОРТТЫҚ САЙЫСҚА ТҮСТІ

4
views

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдығы және 15 мамыр-Халықаралық отбасы күніне орай Отырар ауданындағы мемлекеттік қызметшілердің отбасылары арасында «Әкем, анам және мен» атты спорттан отбасылық сайысқа түсті.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен  «Қазақстан-2050 стратегиясы»,  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру арқылы халықты салауатты өмір салтына баулу, аудан көлеміндегі мемлекеттік қызметкерлер арасында денешынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту, кеңінен насихаттау мақсатында өткен отбасылық спартакиада үстел теннисі, асық ату, дойбы, арқан тарту және ләңгі тебу секілді бес спорт түрінен өтті.

Шарада сөз алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан халқының кемінде 30 пайызы бұқаралық спортпен шұғылдану қажеттігін ерекше атап өткендігін тілге тиек етіп, мемлекеттік қызметкерлер де салауатты өмір салтын ұстанып, еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосуы тиіс екендігін жеткізіп, сайысқа қатысушыларды 15 мамыр-Халықаралық отбасы күнімен құттықтады.
Тартысты өткен отбасылар арасындағы сайыста Адасқановтар жанұясы жүлделі 3-орынға ие болса, жүлделі 2-орынға Романқұловтар отбасы иеленді.  Ал, спартакиаданың бас жүлдесі спортттың барлық түрінен үздік нәтиже көрсеткен Ташовтар отбасына бұйырды.
Түрлі аталымдар бойынша жүлдегер командаларға Алғыс хаттар мен дипломдар, естелік медальдар және арнайы кубок пен заттай бағалы сыйлықтар табыстады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *