Басты бет > Мәдениет > Отырарлықтар «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген Оңтүстік озаттарымен кездесті

Отырарлықтар «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген Оңтүстік озаттарымен кездесті

27
views

Отырар аудандық  мәдениет сарайында өткен шарада «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген оңтүстікқазақстандық ел мақтаныштары арнайы қызыл кілеммен жүріп өтіп,  қылқалам шебері Ә.Мәліктің сурет көрмесін тамашалады.
Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастырған  тарихи жиынға 600-ге жуық аудан жастары мен тұрғындар қатысып, жылы жүздесуге айрықша ықыластарын білдірді.

«Рухани жаңғыру-тарихымызды тереңнен толғап, болашаққа жарқын із салатын айрықша бағдарлама. Ел ертеңіне нық қадам, бірегей мақсатқа бағыттайтын тұғыры биік бастама көптеген ілкімді істерге жол ашты. Соның бірі, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы болса, ел таңдауымен құрмет биігіне көтерілген халық ардақтыларының мақсаты мен еңбегі, жеткен жетістігі мен адалдық, абырой биігіндегі қадір-қасиеті әрбір жастың санасында мықтап түйілуі тиіс. Оларды құрмет тұта отырып, ізгі жолынан тәлім-тәрбие ала білуі керек»-деп, тарихтың ізгі беттерінде есімдері жазылған ел ардақтыларын құттықтаған Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы аудан халқы атынан арнайы сый-сияпаттар табыс етті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген, жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ» жобасына  Оңтүстік Қазақстан облысынан енген азаматтар ішінде Отырар елін спорт аренасында республика мен қатар  алыс-жақын шет елдерге танытып жүрген, қазіргі таңда самбодан Азия және Еуропа чемпионы Құралбай Орынбасар мен елімізге аты мәшһүр айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков  те бар екендігі белгілі.
Шараға аталған азаматтармен қатар, қазақтың ұлттық зияткерлік спортының жарық жұлдызы, тоғызқұмалақтан әлемнің 7 дүркін чемпионы Әсел Далиева, жеке кәсіпкер «Қайып ата» ЖШС директоры Ертаев Сырым Махамбетұлы қатысты.
Кездесу кешінің мақсаты -Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты оңтүстікқазақстандықтарды көпшілікке таныту болып табылады.
Ауданның мәртебелі меймандарына белгілі айтыскер ақын Дәурен Ақсақалов арнау айтып, салиқалы еңбек жолдарын сұлу сөзбен жеткізсе, аудан өнерпаздары дәстүрлі ән, күмбірлеген күй төгілтіп ілтипаттарын білдірді.
Шараға қатысушы тарих тұлғалары өмірі мен еңбек жолдары жайында әңгімелеп, сауалдарға жауап берді. Өз пікірі мен сұрағын жолдаушылар арасында аудан әкімі де бар. Отырардан шыққан жас мамандарды кәсіпкерлікке баулу мен ұстаздық ету, ауданда жаңа кәсіп орнын ашу,  спорт саласын дамытуға қолдау білдіру сынды бірқатар сауалдарын қонақтарға халық ортасында тұрып төтесінен қойған аудан басшысы Ерлан Қуанышұлының бұл қадамы 100 жаңа есім иелерін қайран қалдырды. Қарапайым аудан басшысының киелі аймақты дамытуға бағытталған мақсаттары мен еңбегіне айрықша алғысын білдірген жеке кәсіпкер «Қайып ата» ЖШС директоры Сырым Ертаев жас мамандарды мал шаруашылығына баули отырып, Отырардан жаңа жұмыс орнын ашуға келісімін берсе, өзге де қонақтар қолдау білдіруге ниетті екендіктерін жеткізді.
Жиын қайта жаңғырған «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен  «Кейкі батыр» фильмінің түсірілім алаңын  таныстыруға ұласып, ауызашар берілді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *