Басты бет > Мәдениет >  ОТБАСЫНДАҒЫ ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

 ОТБАСЫНДАҒЫ ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

Оңтүстік Қазақстанда ҚР Бас Прокуратурасының бастамасымен өткен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы іске асырылуына орай, қорытынды Гала-концерт өтті. Оған елімізде танымал эстрада жұлдыздары – Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Алтынай Жорабаева, Шахизада және Сәкен Майғазиев пен өзге де өнер майталмандары қатысып, Шымкент жұртшылығына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру бағытында елімізде тұңғыш рет қолға алынған жобаның мақсаты – отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністерін болдырмау және оның алдын алу жұмыстарында тиімді шараларды анықтау. Сондай-ақ, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді сақтау және жаңғырту болып табылады.

Аталған жобаның жетекшісі Салтанат Тұрсынбекова зорлық-зомбылыққа қарсы әрекеттер реформасының негізгі бағыттарына тоқталып өтті.

Қанат қақты жобаны жұртқа кеңінен насихаттап, көпшіліктің көкейіндегі сауалға жауап беру мақсатында прокурорлар, тіпті, Шымкент базарларында ашық қабылдау өткізіп, өңірдегі 26 ауылдық округте кездесулер ұйымдастырды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.