Басты бет > Қоғам > Осы жылдың 6 айында өңірімізде 371,5 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Осы жылдың 6 айында өңірімізде 371,5 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Картинки по запросу мақта талшықтарыОсы жылдың 6 айында  371,5 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 250,4 млрд. теңгені құрап отыр. Ал, аса маңызды өнімдердің ішінде мақта талшығы – 3,6 есеге (29,9 мың тонна), тауарлық бетон – 44,1% (555 мың тонна), құрылыс кірпіштері – 5,4% (74,6 мың м3), портландцемент – 22,2% (1276,6 мың тонна) артқан.

 Өңірде осы алты ай ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 139,1 млрд. теңгені құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға артық. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 21,8 млрд. теңге болса, мал шаруашылығы 117,2 млрд. теңгені құраған. Картинки по запросу ауыл шаруашылығы

Осы жылдың 6 айында  барлық шаруашылық санаттарында 130,2 мың тонна ет, 379 мың тонна сүт, 162,8 млн. дана жұмыртқа өндірілген. Аймақтағы шаруашылықтардың барлық санаттарында – ірі қара мал саны 1087,8 мың басты, қой 4579,7 мың басты, жылқы 306,4 мың басты, түйе 27,6 мың басты, құс саны 2346 мың басты құрап отыр.

 

 

 

Картинки по запросу ауыл шаруашылығыЖұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілерінің саны  178,7 мың бірлікті құраса, бұларға жұмыспен қамтылғандар саны 331,5 мың адамды құрады. Ал осы жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы 158,3 млрд. теңге болып отыр.

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.