Басты бет > Жастар > Ордалы Оңтүстік салт-дәстүрін сақтаған құт мекен!

Ордалы Оңтүстік салт-дәстүрін сақтаған құт мекен!

Оңтүстікте “Қымызмұрындық” дәстүрі сəн-салтанатымен аталып өтілді. Ол бұл жолы Бəйдібек ауданында көпшіліктің көңілінен орын тапты. Іс-шараға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев қатысып, қазақ халқының ұлттық сусыны – қымыздың құндылығын насихаттау жолында Ордалы Оңтүстіктің атқарар рөлі ерекше екендігіне тоқталды.

Себебі салты мен дәстүрін сақтаған, қаймағы – қатқан құрттай құртылмаған, қазыналы еліміздің, жас ұрпаққа үлгі ретінде, елбасымыздың рухани жаңғыру жолындағы бағдарламасының ежелгі дәстүріміздің қайта жаңғыру жолында аталмыш фестивальдің алар орны ерекше екендігін жеткізді. Ұлттық сусын мерекесіне облыстық мəслихаттың депутататтары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, этно-мəдени орталықтардың төрағалары, жергілікті БАҚ өкілдері мен блогерлері қатысты.

Сонымен қатар айтулы шара аясында қымыз баптаушылар сайысы, қолөнер шеберлерінің көрмесі, құлынды бие жəне сəйгүліктердің шеруі, ұлттық ат спорт түрлерінен көріністер, қымыз ішу сайысы өтті. Аймақтың 15 аудан қалаларынан үміткерлер қатысып, киіз үйлерін тіккен болатын. Жеңімпаздарды облыс əкімі дипломдар мен қатар арнайы сыйлықтармен де марапаттады.

Сағындық Жанысбаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.