Басты бет > Саясат > Ордабасы: ӘКІМНІҢ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНДІ

Ордабасы: ӘКІМНІҢ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНДІ

Бүгін “Нұр Отан” партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Рашид Қайыпжанов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. 

Қызыл-сеңгір ауылының тұрғыны Написа Сейдувалина, Темірлан ауылынан Асылхан Жарты, Осман Асланов, Ұлжан Алашбаева, Базарәлі Бибосын, Күлайхан Ахметова қоғамдық жұмысқа орналасу, ауыз су, көшені жарықтандыру, жол жөндеу, коммуналды үй кезектілігіне тіркелу мәселелеріне қатысты өтініш-тілектерін жеткізіп, аудан әкімінің көмегіне жүгінді. Рашид Үсіпханұлы көтерілген мәселелерді Заң аясында жүзеге асыру үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.