Басты бет > Саясат > Ордабасы: ҚОРЫҚҚА — 25 ЖЫЛ

Ордабасы: ҚОРЫҚҚА — 25 ЖЫЛ

13
views

Ордабасы аудандық орталық кітапханада «Ордабасы » ұлттық тарихи-мәдени қорығының құрылғанына 25 жыл толуына орай Ордабасы қорық қызметкерлерімен кездесу кеші өтті. Аталмыш шараға Ордабасы ауданының Құрметті азаматы Данешов Гайдар және зейнет жасындағы жергілікті ақын Абылайхан Өмірұлы қонақ ретінде шақырылды.

Данешов Гайдар аудан тарихынан кеш қонақтарына мәлімет берді, «Ордабасы» қорығының бас қор сақтаушысы Касымов Бакытбек Ордабасыдағы 1726 жылғы жиын жайлы толығырақ мағлұмат беріп, қорықтың қазіргі тыныс тіршілігімен таныстырды. Амангелді жалпы орта мектеп оқушылары Сапаров Бағлан және Шалқар Нурила Ордабасы жайлы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кеш соңында Ордабасы оттары газетінің меншікті тілшісі Батырәлі Жүрсінбек Ордабасы қорығының 25 жылдығына жүрекжарды шумақтарын арнады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *