Басты бет > Қоғам > Ордабасы: ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТАДЫ

Ордабасы: ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТАДЫ

Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру бойынша жаңа міндеттер қойылды.

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.

Осыған орай, Ордабасы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында электронды түрде көрсетілетін Мемлекеттік қызмет түрлерін халыққа түсіндіру бойынша арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мониторингі, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және ветеринария, білім, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары қатысты.
Шара барысында азаматтарға электронды қызмет алу тәртібі, көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері түсіндіріліп, үйретілді, дағдылану жұмыстары жүргізілді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.