Басты бет > Спорт > «Ордабасы» ФК президентінің кеңесшісі тағайындалды

«Ордабасы» ФК президентінің кеңесшісі тағайындалды

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының президенті Нұржан Қатаевтың кеңесшісі болып Саян Хамитжанов тағайындалды.

С.Хамитжановпен бір жыл мерзімге келісім-шарт түзілді. Саян Жақсыгелдіұлы бұған дейін «Астана» футбол клубының президенті қызметін атқарып келген. «Астана» футбол клубы соңғы 5 жылда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 5 дүркін чемпионы атанды, бұған қоса Қазақстан Кубогын және екі дүркін Қазақстан Суперкубогын ұтып алды.

Айта кетейік, “Ордабасы” футбол клубы биылғы жазда Еуропа лигасы аясында сынға түседі.

Медиаон ақпарат