Басты бет > Саясат > Ордабасы: ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ

Ордабасы: ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ

39
views

Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін аудан әкімі Рашид Қайыпжанов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Ынталы ауылынан арыздана келген Жәнібек Жүсіпәліұлы екі баласының үйіргелік жерге кезекке тұрғанын, алайда осы уақытқа дейін жер ала алмай келетінін айтты. Бұл мәселеге қатысты түсініктеме берген Қажымұқан ауыл округінің әкімі Саттар Өтебаев 2008 жылдан бері үйіргелік жер босатылмағанын мәлімдеді. Қазіргі таңда ауыл округі бойынша 2780 азамат үйіргелік жерге кезекте тұрғанын, биылғы жылы «Самал» мөлтек ауданының инфрақұрылымы аяқталған соң, жер беріле бастайтынын жеткізді. Темірландық зейнеткер Дариға Ысмайыл енесі, 113 жасар Ұлжалғас Қарынбаеваның тыл ардагері ретінде коммуналды баспана кезегінде тұрғанын айтып, аудан басшысынан осы мәселенің оң шешілуіне ықпал етуін сұранды. 

Бөржарлық Ақнұр Бейсенованың баспанасын заңдастыру барысында қиындықтар туындаған. Көпбалалы ана таяуда ғана жарының дүниеден озғанын, ендігі кезекте балаларымен далада қалудан үрейленетінін жеткізді. Рашид Үсіпханұлы Бөржар ауыл округі әкімінің орынбасары Бақыт Сихымбаев пен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мейрамбек Ақмұратовқа мәселені зерделеп, Заңдылығын анықтауды тапсырды. Шұбарсу ауылынан келген Гүлмира Юсупованың мәселесіне орай аудан басшысы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлжан Досоваға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *