Басты бет > Мәдениет > Ордабасы: ТЕАТР ТАРЛАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Ордабасы: ТЕАТР ТАРЛАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

28
views

Бүгінгі театр күні мерекесіне орай, Аудандық мәдениет үйі «Темірлан» халық театрының актерлары мен «Жас толқын» балалар театры актерларына аудан әкімі Рашид Қайыпжановтың құттықтауын орынбасары Бауыржан Омарбеков жеткізіп, ізгі ниетін арнады. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Күмісбек Сатқанбай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұран Әбдіқайымұлы, аудандық «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бостандық Жәкей, «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы Ғалымжан Зиябек те мереке иелеріне ақ тілегін арнады. Үздік актерлар Алғыс хаттармен марапатталды.

«Темірлан» халық театрының негізі 1964 жылы қаланған. Алғашқы режиссері — Ә.Айдарбеков. Оның жетекшілігімен Ә.Әбішевтің «Тамұқтағы таң», М.Мақатаевтың «Қош бол, махаббат», М.Махановтың «Сенім патшалығы», Е.Дембаевтың «Қанжар мен домбыра», С.Шаймерденовтың «Төр бойдақ, бір қыз», Қ.Ысқақовтың «Апа, апатай», «Қараша, қаздар қайтқанда», «Кемпір іздеп жүр едік», Д.Исабековтың «Әпке», Ш.Құмарованың «Кімнің тойы», С.Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық», О.Бодықовтың «Қайдасың, әке?», «Қарақұм трагедиясы», «Ойбай, күйеу керек», Қ.Мұхамеджановтың «Көктөбедегі кездесу», «Өзіме де сол керек», «Бөлтірік бөрі» қойылымдары қойылған. Биыл Мәдениет бөлімінің жанынан балалар театры өз жұмысын бастады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *