Басты бет > Саясат > Ордабасы: Рашид Қайыпжанов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Ордабасы: Рашид Қайыпжанов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін Ордабасы ауданы әкімі Рашид Қайыпжанов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Жеңіс ауыл округінен келген қария Кәрібай Әбләзұлы көп жылдық еңбек жолын баяндай отырып, осыдан 6 жыл бұрын ауданның «Құрметті азаматы» атағын тағайындайтын комиссияға құжаттары өткізілгенін, әлі күнге нәтижесін күтіп жүргенін айтты. Рашид Үсіпханұлы ауданның «Құрметті азаматы» белгісі арнайы комиссияның қарауында екенін, әрі жылына тағайындалатын азаматтарға шектеу барын да атап өтті.

Қажымұқандық жеке кәсіпкер Мақсат Әбекенов аудан орталығы мен Шымкент қаласы аралығында жолаушылар тасымалдаумен айналысады. Әйтсе де, соңғы уақытта жұмыс барысында түрлі заңсыздықтар орын алып жүргеніне қынжылысын жеткізді. Әсіресе, көлік тұрағына тыйым салынған орындарда жолаушы жинап, жеке кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіретіндер көбейген.
Бұл мәселе бойынша аудан басшысы Қажымұқан ауыл округінің әкімі Саттар Өтебаевқа, аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Нұрлан Мұратовқа және аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуаныш Ысқақовқа мәселені зерделеп, орын алған кемшіліктер анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдауды, сондай-ақ, тұрақты түрде рейд шараларын ұйымдастыруды тапсырды.
Төрткүлдік жас маман Ұлбала Ділдәбек мемлекеттік қызметке тұру үшін арнайы тест тапсырып, білімін дәлелдейтін сертификат иеленгенін, енді жұмысқа тұрғысы келетінін айтып, аудан әкімінен көмек сұрады. Пайда болған бос мемлекеттік қызмет туралы ақпарат аудан әкімдігінің сайтында жарияланатынын, конкурстың өту тәртібі мен мерзімі жергілікті басылымдарға берілетіні түсіндірілді. Заңға сәйкес, бос лауазымға өтініш беріп, конкурсқа қатыса алатыны ескертілді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.