Басты бет > Саясат > Ордабасы: ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ АУЫЛҒА АТ БАСЫН БҰРДЫ

Ордабасы: ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ АУЫЛҒА АТ БАСЫН БҰРДЫ

19
views

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Уалихан Қайназаров Ордабасы ауданына арнайы келіп, жиын өткізді. Жиналысты аудан әкімі Рашид Қайыпжанов ашып, жүргізді. Алдымен сөз алған Уәлихан Анарбайұлы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың таяуда ғана Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ха­лық­қа арнап жариялаған «Президент­тің бес әлеумет­тік бастамасы» Үндеуінен туындайтын міндеттерге тоқталды. Баспана алуға жаңа мүм­кіндіктер беретін «7-20-25» бағдарламасын қабылдау, жалақысы төмен жұмыс­шылардың еңбекақысын көбейту үшін олар­дың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арт­тырып, студент жастардың жатақ­ханадағы жағ­дайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газ­бен қамтамасыз ету ісін жал­ғастыру бойынша атқарылатын жұмыстарды тілге тиек етті. Сонымен қатар, халық қалаулысы ауыл округі әкімдері мен бөлім басшыларының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына қатысты ұсыныстарын тыңдады. 

Аудан әкімдігіндегі алқалы жиыннан соң Парламент депутаты Шұбарсу ауылына ат басын бұрып, тұрғындармен кездесті. Мұнда да мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасы әңгіме арқауына айналды. Жаңа әлеу­меттік бастамалар қоға­мымыздың әлеуметтік бірлігін нығайтуға және әрбір қазақ­стандықтың әл-ауқатын ары қа­рай жақсарта түсуге бағыт­талғаны айтылып, жиын соңында тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берілді.
Кездесуді қортындылаған Рашид Үсіпханұлы аудан тұрғындары атынан Уәлихан Анарбайұлына алғысын жеткізіп, Елбасы саясатын жүзеге асыруда Ордабасылықтар аянып қалмайтынын атап өтті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *