Басты бет > Саясат > “Ордабасы нан” – халықаралық деңгейде

“Ордабасы нан” – халықаралық деңгейде

Ордабасы ауданында “Ордабасы нан” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заманауи үлгідегі Түрік технологияларын пайдаланып, сапалы ұн өнімін өндіруде. Өнім халықаралық деңгейдегі мемлекеттік талаптарға , ал өндіріс қондырғылары халықаралық стандартқа сәйкестендірілген.

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.Алғаш рет жұмысын 2008 жылдың ІІ тоқсанында бастаған серіктестік 2015 жылы өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен дирімен құрылысын ұлғайтып, Түрік технологиясымен жаңа қондырғылар орнатты. Осылайша тәулігіне 250 тонна өнім өндіретін диірменді іске қосты. Бұл жобаның инвестициялық құны 470 млн теңгені құрады, өз қаржысы 280,0 млн.т. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Өндіріс-2» желісі бойынша 6 пайызбен 7 жыл мерзімге «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» арқылы несиелендірілді.
Бүгінгі таңда “Ордабасы нан” өнімдері отандық нарықпен қатар, Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне экспортталуда. Серіктестік директоры Бауыржан Сапарымбетовтың мәлімдеуінше, бүгінде диірменде 50-ге жуық азамат жұмыспен қамтылған.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.