Басты бет > Хабар > Ордабасы: ДАМУ КОНЦЕПЦИЯСЫ САРАЛАНДЫ

Ордабасы: ДАМУ КОНЦЕПЦИЯСЫ САРАЛАНДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Ордабасы ауданының әкімі Р.Қайыпжановты қабылдап, 2018-2025 жылдарға арналған ауданның даму концепциясымен танысты. Басқосуда аймақ басшысы ауданның табиғи мүмкіншіліктеріне қарай түрлі салада атқарылар негізгі жобаларды атап көрсетті.

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.Яғни, дотацияға тәуелділіктен арылу үшін экономикалық әлеуетті көтере отырып, өзін өзі қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жолдарын қарастыруды тапсырды. Ордабасы ауданында соңғы жылдары ауыл шаруашылық саласында айтарлықтай өсім байқалады. Мәселен, 2016 жылы жалпы өнім 31 млрд. 511 млн. теңгеге жетсе, 2017 жылы 33 млрд. 718 млн. теңгеге өскен. Ал, келесі жылы бұл көрсеткіш 39 млрд. теңгеден асырылады деп жоспарланып отыр.

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.