Басты бет > Білім > Ордабасы: БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕАТРДЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Ордабасы: БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕАТРДЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

7
views

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, аудан әкімі Р. Қайыпжановтың тапсырмасына сәйкес, Ордабасы өңірінде көптеген тың бастамалар жүзеге асырылуда.
Соның бірі — Алғыс айту мерекесі қарсаңында Ордабасы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Жас толқын» жасөспірімдер театрының өз жұмысын бастауы. Жас дарындарды бір арнаға тоғыстырып, шығармашылыққа баулыған «Жас толқын» алғашқы маусымашар қойылымын балаларға ұсынып та үлгерді. «Қазына іздеушілер» ертегісі жас көрермендердің жүрегіне жол таба білді. Режиссер П.Баймаханова Ордабасы өлкесінен өнердің абыройын асқақтатар өрендердің көптеп шығатынына сенімді.
Театрдың тұсаукесеріне арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбеков жас өнерпаздарға табысты еңбек тіледі. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Жылқыбай қызықты, тәрбие – тағылымы мол қойылым көрсетілімінің алдағы уақытта аудан мектептерінде ұйымдастырылатынын атап өтті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *