Басты бет > Саясат > Ордабасы ауданы: ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

Ордабасы ауданы: ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

23
views

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» бекітіліп, әдептілік талаптары белгіленген. 

Бүгін Ордабасы ауданына Оңтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарындағы облыс әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Әлішев Әмірдин Мұхиденұлы арнайы келіп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан осы Әдеп Кодексі талаптарының орындалуы бойынша жиын өткізді.
Әмірдин Мұхиденұлы мемлекеттік қызметшінің беделі халықтың билікке сенімін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар, анонимді сауалнама қорытындысы бойынша аудандағы мемлекеттік қызмет саласына баға беріп, атқарылатын жұмыстарды бағамдады.
Аудан әкімі Рашид Қайыпжанов ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшыларын, жалпы жиынға қатысушыларды бүгінгі көтерілген мәселелерді жұмыс барысында назардан шығармауға шақырды. Сонымен қатар, Әмірдин Мұхиденұлына мәнді басқосу үшін алғысын жеткізді.
Жиыннан соң Әмірдин Мұхиденұлы қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар мен жас мамандардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *