Басты бет > Білім > Ордабасы ауданы: ТАҒЫ 175 БАЛА — БАЛАБАҚШАМЕН, 37 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Ордабасы ауданы: ТАҒЫ 175 БАЛА — БАЛАБАҚШАМЕН, 37 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында Ордабасы ауданында екі бірдей балабақша ашылып, ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі. 

Бадам ауыл округіндегі — «Заңғар-тау», Темірлан ауылындағы «Ел-мерей» бөбекжай балабақшаларының тұсаукесеріне қатысқан аудан әкімі Рашид Қайыпжанов көпшілікті Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып:
— Бүгінге дейін ауданымызда 15 — мемлекеттік, 26 жекеменшік балабақша, 19 мектептің жанында шағын орталықтар мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиемен айналысатын. Олардың қатары бүгін тағы екі нысанмен толықты. Бұл дегеніміз, тағы 175 бала — балабақшамен, 37 адам жұмыс орнымен қамтылды деген сөз, — деді.
Бүгінде ауданда дайындық тобында 2740 бала тәрбиеленеді. Балабақшалар мен 19 мектептің жанындағы шағын орталықтарда 6533 бала тәрбиеленеді. Бұл аудандағы бүлдіршіндердің 83 пайызын құрайды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.