Басты бет > Саясат > Ордабасы ауданы: ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Ордабасы ауданы: ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТЫП КЕЛЕДІ

29
views

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғынбеков Ордабасы ауданында шығарылатын өнімдер көрмесін аралап, кәсіпкерлермен пікір алмасты. «Ордабасы құс», «Қайнар құс», «Бөрте Милка», Бөген су», «Ордабасы нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері дайын өнімдерін ұсынса, «Александровский сад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бауында өсірілген алмалардан дәм таттырды. Сонымен қатар, Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта мектебінде ұстаздық ететін жас маман, қолөнер шебері Қасиет Исабеков жасаған бұйымдарға да көпшіліктің назары ауды. 

«Ордабасы құс» ЖШС 2017 жылы 3000 тоннаға жуық үндік етін экспортқа шығарғанын да атап өтуіміз керек. Сонымен қатар, бүгінде озық технологиямен жұмыс істеп отырған «Ордабасы нан» диірменінен шыққан ұн шет мемлекеттерге шығарылуда. Көрмені аралау барысында аудан әкімі Рашид Қайыпжанов ауданда экспорт әлеуетін арттыруға бағытталған тірліктер тоқтамайтынын атап өтті.
Әуелхан Елтайұлы нарықтағы отандық өнімнің үлесін арттыру жолында қолдан келген мүмкіндіктер толықтай пайдаланылуы қажет деді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *