Басты бет > Саясат > Ордабасы ауданы – бос лауазымдарға арнап жәрмеңке өткізді

Ордабасы ауданы – бос лауазымдарға арнап жәрмеңке өткізді

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БОС ЛАУАЗЫМДАР ДА ҰСЫНЫЛДЫ.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүктеген тапсырмаларының бірі әрі бірегейі – жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту. Осы орайда, бүгін Ордабасы ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шараның мақсаты – жұмыс беруші мен азаматтардың ара қатынасының ашықтығын қамтамасыз ету. Мұндай іс-шараларды өткізу сыбайластықтың да алдын алу үшін аса маңызды. Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Оралбаев:


– Бүгін назарларыңызға 6 бос мемлекеттік қызмет, түрлі сала мен бағытты қамтыған 73 жұмыс орны ұсынылуда. Әр сала бойынша мамандар қажетті ақпаратты беруге дайын. Бастысы, Қазақстанның әр азаматы өз еңбегімен мемлекетіміздің ілгерілеп дамуына өзіндік үлес қосатынын ұмытпағаны жөн, – дей келе, жәрмеңкеге қатысушылармен пікір алмасты. Мемлекеттік қызметке түсу тәртібін түсіндіріп өтті.
Аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің, аудандық Жұмыспен қамту орталығының мамандары да өз тараптарынан қажетті мәлеметтер ұсынып, ақпараттармен қамтамасыз етті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.