Басты бет > Саясат > ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 862 ГЕКТАР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 862 ГЕКТАР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Ордабасы ауданында жер қатынастары саласындағы жұмыстарды іске асыруға бағытталған, жер реформасын түсіндіру бойынша семинар өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр ашып, жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды.

2016-2017 жылдары жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесі бойынша облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Е.Тілеген баяндама жасады.

Сонымен қатар, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы М.Ақмұратов та сөз алып, атқарылған жұмыстардың барысын тілге тиек етті. Облыстық жер инспекциясы басқармасының басшысы М.Әлібеков, Жер қатынастары басқармасының басшысы С.Әбдіқұлов жер түгендеуге қатысты атқарылуы тиіс шараларға орай ұсыныстарын айтып, сұрақтарға жауап берді.

Аудандық мәслихаттың депутаты Ғ.Зиябек жер қойнауын пайдаланатындардың жұмысына тұрақты мониторинг жүргізілсе деген тілегін жеткізді. Себебі, жұмыс барысында олар көбіне құжаттағы бекітілген міндеттемелерден ауытқып кететінін атап өтті.

«Нұр Отан»  партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Жәкей жер пайдаланушылардың мемлекет қажеттілігіне орай қайтарылуы тиіс жерге орай көбіне наразылық туғызатынын жеткізді.  Әсіресе, әлеуметтік нысандардың құрылысына белгіленетін жерді қайтаруды оңтайландыру керек деп түйіндеді ойын.

А.Мамытбеков өткен жылы 23 жеке және заңды тұлғалардың 862,77 гектар жер телімі аудандық жер қорына қайтарылғанын, биыл конкурс арқылы анықталған 26 жеңімпазға 937,69 гектар үлестіріліп берілгенін атап өтті.   Аудан басшысы семинарды ұйымдастырушылар мен аудан қонақтарына алғысын жеткізіп, жиынды қорытындылады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.