Басты бет > Қоғам > Ордабасы ауданында – ИГЕРІЛМЕГЕН 8030 ГЕКТАР ЖЕР АНЫҚТАЛҒАН

Ордабасы ауданында – ИГЕРІЛМЕГЕН 8030 ГЕКТАР ЖЕР АНЫҚТАЛҒАН

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.

Ордабасы ауданының әкімі Р.Қайыпжанов аудандық жер қатынастары бөлімінің жұмысын електен өткізді.
Ауданда ауылшаруашылық жер көлемі 208 662 гектарды құрайды. Егістікке тиесілі 71 273 гектардың 38 562-сы – тәлімі, 32 711 гектары – суармалы. Жайылымға 103 992 гектар бөлінген, 1490 гектарда көпжылдық қондырғылар орналастырылған.

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.
Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы М.Ақмұратов жер түгендеу шараларының нәтижесінде игерілмеген 8030 гектар жер анықталғанын, бүгінде құжаттары жинақталып шара көру үшін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына жолданғанын айтты. Сондай-ақ, 862,77 гектар суармалы егістіктің аудандық жер қорына қайтарылғанын атап өтті.
Аудан басшысы Рашид Үсіпханұлы жер мәселесінде заңбұзушылыққа жол берілмеуі тиіс екенін ескертті. Бөлім басшысына қандай жағдайда да тұрғындардың жерді пайдалану құқығын сақтауды, ал, пайдалана алмағандардан жерді кері алып, қолынан іс келетіндерге үлестіруге жұмыс жасауды тапсырды.

Медиаон ақпарат

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі көмегімен

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.