Басты бет > Хабар > Ордабасы: АРНАЙЫ КЕЛІП, АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Ордабасы: АРНАЙЫ КЕЛІП, АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

35
views

Қазақстан Республикасы Парламент Мəжілісінің Депутаттары Сәкен Қаныбеков, Нұрлан Дулатбеков және Мансұрхан Махамбетов Ордабасы ауданында болып, «Бөрте милка» сүт-тауарлы фермасының жұмысымен танысты. Әзірге бұл кешен өӊірдегі жалғыз роботтандырылған сүт-тауарлы фермасы. Ферма шведтіӊ «DeLaval» компаниясыныӊ еӊ заманауи технологиясын қолданып соғылған. Мұндағы барлық жұмысты дерлік роботтар атқарады — сиырды тазалап, сауады және тұратын орнын тазалайды. Жемделетін сиырларды салқындату жүйесі, метеостанциясы бар желдеткіш жүйесі, күндізгідей жарық жүйесі, сиырдыӊ тойғанын анықтау камералары орнатылған. «Бөрте милка» ЖШС директоры Нұралы Әбішев таяуда ғана тағы бір құлтемірге қол жеткізгенін атап өтті. Инвестиция көлемі 2,4 млрд теӊгені құрайды. Мұнда Гольдштейн Фриз тұқымдас 700 сиыр бар. Әрқайсысына бірегей коды бар чип орнатылған. Сауын сиыр туралы ақпарат жалпы компьютерге түседі. Әр сиырдан тәулігіне 30-40 литр сүт сауылады. Осылайша бір тәулікте шамамен 9 тонна сүт жиналуда.

Сиыр фермасынан соң, халық қалаулылары сүт фермасының базасында ашылған автоматтандырылған жаңа технологиялы сүт өнімін өңдейтін зауытты аралады. «Бөрте Милканың» айран-сүті кемі бір аптаға, сүзбесі 5 күнге, йогурт, қаймағы 15 күнге ғана сақтауға жарамды. Себебі, мұнда сүт өнімдері ультрапастерлендіру үдерісінен өткізілмейді. Осылайша, құрамындағы адам ағзасына пайдалы барлық бактерияларды сақтап қалады. Тәулігіне 7-10 тонна сүт өнімін өндіретін зауытта қазіргі таңда 24 адам жұмыспен қамтылған. Мәжіліс депутаттары сондай-ақ, өндірістің жұмысшы жастарымен кездесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 5 əлеуметтік бастамасы жөнінде жиын өткізді.
Аудан әкімі Рашид Қайыпжанов Ордабасыға арнайы бұрылған халық қалаулыларына алғысын жеткізіп, ел игілігі жолындағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *