Басты бет > Хабар > Ордабасы:»ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» — ҚОЛЖЕТІМДІ ҚЫЗМЕТ

Ордабасы:»ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» — ҚОЛЖЕТІМДІ ҚЫЗМЕТ

15
views

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі -тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, сол арқылы электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қазіргі таңда облыс көлемінде тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін кешенді шаралар қабылданды. 

Қабылданған шаралар аясында Ордабасы ауданында тұрғыдардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша ағымдағы жылдың жаз айларында (маусым-тамыз) аудан көлемінде 800 адамды оқыту үшін арнайы курстар өткізу жоспарға қойылды. Курстар білім беру мекемелерінің информатика кабинеттерінде өткізіледі.
Аталған жоспар негізінде аудан көлеміндегі цифрлық сауаттылықты арттыруға жауапты информатика пәнінің мұғалімдерін оқыту және қажетті ақпараттарды таныстыру мақсатында Ордабасы ауданы әкімі аппаратында ХҚКО мамандары және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» орталығының мамандары қатысып, E-GOV, OPEN-GOV және Е-коммерция дағдылары бойынша дәріс өтті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *