Басты бет > Хабар > ОРДАБАСЫЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР “ЭКСПО-2017” КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАЙДЫ

ОРДАБАСЫЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР “ЭКСПО-2017” КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАЙДЫ

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі. Ордабасы ауданынан 15 ардагер Астанаға аттанды. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков жолаушыларға аудан басшысының ізгі ниетін жеткізіп, ақ жол тіледі. Ордабасылық ардагерлер “Экспо-2017” халықаралық көрмесін тамашалаумен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының Бас қаладағы күндері аясындағы шараларға да қатысады. 

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұран Әбдіқайымұлы, аудандық әжелер алқасының төрайымы Айымгүл Көкішева, Бөржар ауыл округінен Сәлима Абулдаева, төрткүлдік Жүнісбай Шалтайұлы сөз алып, “Экспо-2017” көрмесінің еліміз үшін маңызын әңгімелеп, бұл сапарды ұйымдастырушылар мен демеушілік жасаған облыстық мәслихаттың депутаттары Ә.Исабаев пен Қ.Аббасовқа шынайы алғысын айтты.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.