Басты бет > Қоғам > Ордабасылықтар Наурыз мерекесін атап өтті

Ордабасылықтар Наурыз мерекесін атап өтті

6
views

Бүгін Ордабасылықтар Ұлыстың Ұлы күні,
ақтың молаятын, Күн мен түннің теңелетін, тіршіліктің жаңаратын, кезеңі — Наурыз мерекесін атап өтті.

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.

Аудан әкімі Рашид Қайыпжанов салтанатты шараны ашып, көпшілікке ізгі ниетін жеткізді.
Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.

Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды. Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ескірген салттан арылып, заман талабына орай қалыптасу мәселесіне ерекше назар аударды. Жаңа латын әліпбиін бекітіп, ұлттық кодты қалыптастыру тетіктерін нақтылады, — дей келе, аудан басшысы өңірімізде атқарылған тірліктерге тоқталды.
Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.

Соңғы 30 жылда Ордабасы ауданының өзі үлкен өзгерістер жасап, даму жолына түсті.
Ет өндірісі 2,5 есеге, көкөніс өсіру 191 пайызға артты. Ірі қара мал 12022-ден 59743-ке жетіп, 5 есеге артты. 2017 жылы ауданымызда «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларымен 9208 мал сатып алынып, шағын жанұялық 60 ферма іске қосылды. Өндірілген ішкі аймақтық өнім көлемі 62 млрд. 298 млн. 106 мың теңгеге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,6 пайызға артты.

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *