Басты бет > Білім > ОРДАБАСЫДА 4 МЕКТЕП ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

ОРДАБАСЫДА 4 МЕКТЕП ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» деп атап өткен. Сонымен қатар, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс екенін де ескертті. 

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.
Ұстаздар жастардың ілім-білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы үшін тер төгіп келеді. Балалардың білім алуына жағдай жасау – мемлекеттің міндеті. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76-79-шы қадамдары білім беру жүйесін жетілдіруге арналғаны – осының айғағы. 

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.
Бүгін Ордабасы ауданында 4 мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Бадам ауыл округіндегі “Ұлағат” мектебі – Мамыр ауылы тұрғындарының көптен бергі арманы болатын. 200 балаға арналған ғимараттың құрылысын “Санур-Строй А” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Білім күніне орай жаңа мектептің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Рашид Үсіпханұлы ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолында мұғалімдердің алдында тұрған міндеттерге тоқталды. 

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.
2017-2018 оқу жылын Сарыарық ауылының оқушылары да жаңа ғимаратта бастады. Сондай-ақ, Шұбарсу ауылындағы үш ауысымда білім алып келген Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектептің жанынан соғылған 300 орындық жаңа ғимараттың, 100 орындық «Парасат» бастауыш мектебінің лентасы қиылды.

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.
Жалпы биыл Ордабасы ауданы бойынша 3600 оқушы 1- сыныпқа қабылданса, бүгінгі күні барлық шәкірттің қатары 28203 баланы құрады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.