Басты бет > Қоғам > “Орамалды ару” байқауы өз мәресіне жетті

“Орамалды ару” байқауы өз мәресіне жетті

Наурыз мерекесіне орай және қазақтың салт-дәстүрлерін, келіншектеріміздің хиджаб емес, орамал тартып, қазақы дәстүрді насихаттау мақсатында фейсбук әлеуметтік желісінде “Орамалды ару” байқауын ұйымдастырған болатынбыз. Байқау шарттары – сайт құрылтайшысы, “Зияткер Оңтүстік” ЖШС бас директоры Малика Абдалиеваның парақшасында жарияланған еді. Бастапқы кезде жас мөлшеріне шектеу қойған жоқ едік. Орамалды әжелер, ақ жаулықты аналарымыз да, қыз-келіншектер де байқауға қатысты.  Кейінірек оқырмандардың, қатысушылардың сұрауы бойынша, 40 жасқа дейінгі келіншектер қатысатын болып шешті. Қыздың жасы 18 десек те, орта жастағы аналар мен келіншектер онсыз да жаулығын басынан тастаған емес. орамалды жастар арасында кеңірек насихаттап, ынталандыру үшін де осылай шештік.

Сонымен, байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде: француз әтірі – Арайлым Жүзенова

Төмендегі арулар:

Гауһар Жанаділқызы,

Бибайша Нұржанқызы,

Ақмарал Алдияр,

Бибінұр Саликулова – жұлдегер атанып, Зейнеп Ахметованың қазақ келінінің энциклопедиясы атанған “Шуақты күндер” кітабына ие болды. Барша қатысушыларды және байқау жүлдегерлерін құттықтаймыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.