Басты бет > Саясат > Облысымыздың ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ҚЫЗЫҚТЫ 30 ДЕРЕК

Облысымыздың ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ҚЫЗЫҚТЫ 30 ДЕРЕК

  1. Оңтүстік Қазақстан облысында І жартыжылдықта жалпы өңірлік өнімі 1,4 трлн. теңгені құрап, өсім 101,5 пайызға жетті;

  2. 2017 жылдың 7 айында облыста 439,1 млрд. тегенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайызға өскен;

  3. ОҚО-да 187,8 млрд. теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндіріліп, көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға артты;

  4. Оңтүстікте осы жылы қосымша 297 кооператив құрылып, жалпы саны 539-ға жетті. Өткен жылға қарағанда 2 есе артқан. Кооперация құру жұмыстары бойынша Оңтүстік Қазақстан республика бойынша І орында.

  1. ОҚО-да жыл басынан бері 2179 шағын мал бордақылау алаңдары ашылып, жалпы 11 746 бірлікке жетті. Ал, осы уақыт ішінде 621 жанұялық сүт фермалары іске қосылып, 2 661 бірлікті құрады.

  1. Егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 27,4 мың га көбейтіліп, 816,2 мың га жетті;

  1. 2017 жылы негізгі капиталға 229,9 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артты, яғни, 50 млрд. теңгеге көп. Бұл республикадағы үлесінің 5,7 % құрады.

  2. Өңірге көптеп инвестиция тарту мақсатында жыл басынан бері шетел инвесторларымен 40-тан аса іскерлік кездесулер ұйымдастырылды. Нәтижесінде, БАӘ – медициналық бұйымдар және дәрілік заттар шығаратын зауыт салу, Ресей елімен – Евро-5 стандартына сай жанар-жағармай өндіретін мұнай өңдеу зауыты мен Қытай елімен бірлесе биоэталон, фосфор тыңайтқышын шығаратын және 200 МВт күн электр станциясын салу үшін келісімге келді.

  1. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл облыста 32 нысанның құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының нәтижесінде уақытша 4 460 жұмыс орны құрылды. 7 айда 2 мектептің құрылысы аяқталса, жыл соңына дейін 16 (6 апатты, 10 үш аусымды) және облыстық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен 3 мектептің (2 апатты, 1 үш аусымды), 3 инфрақұрылымды пайдалануға беру жоспарлануда.

  2. «Нұрлы жер» бағдарламасының 5 бағыты бойынша 226 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде (10 879 пәтер, 737,6 мың шаршы метр). Биыл 115 үйдің (6 375 пәтер, 388,7 мың шаршы метр) құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңға жоспарланған 6 375 отбасының 3 123-і баспанамен қамтылды.

  1. Республика бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны жағынан көш бастайтын Оңтүстікте бүгінде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілері 177 709 бірлікке жетті. Ал, бұл салада жұмыспен қамтылғандар 331 490 адамды құраса, олармен 158,3 млрд.теңгенің өнімі өндірілген.

  1. Осы жылдың жеті айында 10 науқасқа бүйрек алмастыру, 3 науқасқа бауыр алмастыру отасы жасалды.

  2. «Емханаға тіркел де – әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» науқаны аясында емханаға 2,8 млн. адам тіркелген.

  3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 1677-ке жетті. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 95-ке көп. Ал, 3-6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамту көрсеткіші 170 мың бала пайызы – 86,1% (2016 ж. – 84,6%).

  4. Жаңа оқу жылында облыс мектептерінде 640 мыңға жуық оқушы (2016 ж. – 611 мың оқушы) білім алады деп күтілуде, оның 73 мыңы бірінші сыныпқа барады.

  5. ОҚО-да 79 білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде жыл басынан бері 7 мектеп тапсырылса, оның 6-уы жаңа мектеп. Ал, 1 қыркүйек күні 20 мектеп пайдалануға берілсе, 2 – уі жыл соңында тапсырылады (2018 ж.- 50 өтпелі). Осылайша, биыл 8 апатты және 12 үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілетін болады.