Басты бет > Қоғам > Облыстық «ONtoi жұлдыздары» байқауы бастау алды!

Облыстық «ONtoi жұлдыздары» байқауы бастау алды!

Фото ONtoi ONtoi.
Той мәдениетін қалыптастыруға арналған әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы үздік жазбалар бойынша
«ONtoi жұлдыздары» атты облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Осы ереже облыстық «ONtoi жұлдыздары» байқауының (әрі қарай – байқау) ұйымдастырылуы мен өткізілуін анықтайды.

Байқаудың мақсаты:

1.1. Елбасының «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» мақаласына және Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына сәйкес, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен бизнестік әріптестікті нығайтуға орай зиялы қауым, қаламгерлер және блогер көзімен әлеуметтік жазбалар топтамалары арқылы той мәдениетін қалыптастыруға атсалысу; өнегелі мерекелік кештер мен той салтанатынан жағымды ақпарат тарату, тікелей репортаждар жасау, тойларда салт-дәстүрді дамыту; тәрбиелік мәні бар аталы сөздер мен бата тілектерді жастар бойына сіңіру, ата салтымызға жат бейәдеп қылық көрсетушілерді сын тезіне салу, кейбір тойдағы кезігетін дарақылықтар мен ысырапшылдықты жою; шығармашылық иелерінің өнерін насихаттау, жас таланттарды қолдау, мерейлі отбасыларын үлгі ету, ұлттық құндылықтарды артыру т.б. осы бағытта өз үлесін қосып жүрген әлеуметтік желі қолданушыларының үздік жұмыстарын анықтау және оларды ынталандыру.
2. Байқауға қатысу шарттары
2.1. Байқауға кез келген әлеуметтік желі қолданушылары, журналистер мен блогерлер, әншілер мен әртістер, асабалар мен музыканттар қатыса алады.
2.2. Байқауға қатысу үшін:
– Байқау мақсатына сай келетін, әр түрлі тақырыптағы мәтіндік материал (мақала, пост, телеочерк, фотосуреттер, бейнероликтер мен слайдттар, сельфи және т.б) әлеуметтік желідегі Facebook, Вконтакте, Instagram парақшаларының бірінде жариялануы қажет;
– үміткерлер әлеуметтік желіде «ONtoi» тобына жазылуы және байқауға ұсынылатын материалдар осы топта жариялануы қажет;
2.3. Байқау жұмысына қойылатын талаптар:
– мәтіндік материалды «ONtoi жұлдыздары…» сөздерінен бастау;
– материалды жариялау жиілігі аптасына (жеті күнде) 1 жазба, жалпы жазба саны 25-тен кем болмауы тиіс;
– материалдың/жазбаның көлемі 100 символдан кем болмауы тиіс;
– мәтіндік материалға суреті бар мақала жайлы хабарды қосу;
– тақырыптық суретті қатар бекіту;
– Аты, тегі, әкесінің аты көрсеткішінде келесі форматында
# ONtoi хэштегін қолдану;
-Фейсбукте «ONtoi» тобына тіркеліңіз
– байқау атауын, логотипін және www.ontoi.kz сайтына сілтемені қолдану.2.4. Байқауға 2017 жылдың 20 қыркүйектен 10 желтоқсанға дейінгі жарияланған материалдар қабылданады.
2.5. Жарияланған материалдардың скриншоттарын арнайы файл папкасына жинақтап (лайк, бөлісуі көрінуі тиіс) байқаудың ұйымдастырушыларына 2017 жылдың 10-12 желтоқсан аралығында тапсырылуы тиіс.
2.6. Байқау жұмыстары мемлекеттік тілде қабылданады.
2.7 «ONtoi жұлдыздары» байқауына қатысушы үміткерлердің #ONtoi хештегі арқылы әлеуметтік желідегі жолданған үздік жазбалар, суреттер мен бейнетүсірілімдер топтамасы NAR TV телеарнасындағы «ONtoi жұлдыздары» бағдарламасы арқылы насихатталады.
3. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
3.1. Жеңімпаздарды айқындау Байқау Ұйымдастырушысы түзген комиссия құрамының шешімімен жүзеге асырылады. Комиссиясының құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік органдардың және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өнер адамдары кіреді.
3.2. Байқауға ұсынылған жұмыстар әлеуметтік желілерде немесе блог-тұғырламаларда көп дауыс жинағаны, ең көп ұнатылғаны (лайк), ең көп бөлісілгені (репост) арқылы бағаланады. Қаншалықты оқырманның көңілін аудара білгендігіне мән беріледі.
3.3. Байқау материалдарын талдау кезінде келесі параметрлер ескерілетін болады:
– материалдың/жазбаның байқау мақсатына сәйкестігі;
– материалдың/жазбаның әсерлілігі және дұрыс бағыты;
– посттардың жан-жақтылығы, кәсіби деңгейі.
3.4. Байқау жеңімпаздарын марапаттау 1-ші, 2-ші, 3-ші орындар берумен анықталады, сонымен қатар, жеңімпаздардан басқа, байқауға қатысқан өзге де үздік үміткерлерге ынталандыру сыйақысы тағайындалады. Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталады.3.5. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 500 000 теңге, оның ішінде:
1-орын үшін сыйақы көлемі – 100 000 теңге;
2-орын үшін сыйақы көлемі – 70 000 теңге;
3-орын үшін сыйақы көлемі – 50 000 теңге;
Сонымен қатар, жеңімпаздардан басқа, байқауға қатысқан өзге де үміткерлерге ынталандыру сыйақысы тағайындалады.
3.6. Байқаудың қорытындысы 2017 жылдың тәуелсіздік күні қарсаңында жарияланады.
3.7. Салтанатты рәсімнің өткізілетін жері және күні алдын ала жарияланатын болады.
3.8. Байқаудың нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында, Байқау өткізушілер сайттарында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
4. Авторлық құқықтар
Байқауға қатысатын жұмыстың авторлық құқықтарын сақтау жауапкершілігін Байқауға жұмысын жіберген қатысушы толық өз мойнына алады.Ұйымдастыру комиссиясының мекен жайы:
Шымкент қаласы, Жібек жолы даңғылы 57/б «NAR TV телеарнасы.
Тел. 8-778-222-22-97, 8-775-840-20-03; электрондық пошта; ontoi@mail.ru www.ontoi.kz
 Медиаон ақпарат
«Онтой» – той-думан агенттігінің көмегімен

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.