Басты бет > Жастар > Облыстық жастар ресурстық орталығы: «Тәуелсіздік мақтаныштары-2017» жастар сыйлығын табыстады

Облыстық жастар ресурстық орталығы: «Тәуелсіздік мақтаныштары-2017» жастар сыйлығын табыстады

 

«Болашағын бүгіннен бастаған» еліміздің ең белсенді жастары бүгін жастар саясатын дамытуда атқарылған жұмыстар бойынша жылды қорытындылады.

Тәуелсіздігіміздің 26 жылында еліміз үшін біршама істер атқарылып, бастамалар көтерілді. Талай асуларды бағындырып, биік шыңдарға шықтық. Бұл ретте жастардың да қосқан үлесі зор.

786 056 жасы бар оңтүстікте жастар саясатын жүзеге асырып, мемлекетіміздің қарқынды дамуына үлес қосып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Бүгінгі таңда, өңіріміздің барлық аудан, қалаларында «Жастар ресурстық орталықтарына» барлық жағдай жасалып, толық қолдау көрсетілуде. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында да дәл солай жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары тағайындалып, аптасына 7 күн, 24 сағаттың кез-келген уақытында жұмысқа дайын жастарымыз істер атқаруда. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» да биыл біршама өзгерістер мен жаңалықтар еңгізді. Атап айтар болсақ, орталықта жастарға қызмет көрсететін сектордың іске қосылып, орталық жанынан мектеп-үйірмелерінің құрылуы.

Осы орайда, бірлесе жұмыс жасап, өңіріміздің жастар саясатының қарқынды дамуына үлес қосып, қоғамдық өмірге белсене ат салысқаны үшін біршама жыл үздіктерін арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Ел ішіндегі қоғамның түрлі саласындағы патриот, іскер, талантты жастарды қолдап, жастар арасында бәсекелестікті дамытып, қабілеті жоғары жастарды анықтап, олардың болашаққа деген сенімділігін арттыру, жыл үздіктерін жастар арасында насихаттау мақсатында орталық басшысы 26 номинация бойынша үздік жастарды анықтап, алғысын білдіріп, алдағы уақыттағы бірлесе атқаратын белестер үшін сенім білдірді.

Номинанттар тізіміде белгілі:

1. Үздік жас мектеп көшбасшысы номинациясы – Оралхан Кәусар Жұлдызхан қызы (Төлеби ауданы) және Ермұрзаев Бекет Есенғали (Сарыағаш ауданы)

2. Орта арнаулы оқу орнының «Үздік студенті» – Джолбасханов Ислам Талипұлы (Түлкібас агро-бизнес және саяхат колледжі)

3. Жоғарғы оқу орнының «Үздік студенті» – Жумабаев Нурдаулет Нарбекұлы (Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы)

4. Үздік магистр – Әбдікерім Абылай (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті)

5. Үздік жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы – Сырлыбаев Абай Сырлыбайұлы (Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті)

6. Үздік жас ғалым – Абдукадиров Бағдат Затыбекұлы (Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті)

7. Үздік жас мәдениет қызметкері – Сансызбай Айнұр Қуатжанқызы (Шымкент қаласы, Қаратау ауданы)

8. Үздік «Жастар ресурстық орталығының» қызметкері – Мамуджанова Махаббат Мамуджанқызы (Кентау қаласы)

9. Үздік «Жастар ресурстық орталығының» басшысы – Қыпшақбаев Қайрат Саматұлы (Төлеби ауданы)

10. Үздік жас ерікті номинациясы бойыншы – Байтөреева Нурила (Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы) марапатталады.

11. Үздік жас пікірсайысшы – Шәріпбай Нұрғиса Рахатұлы (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті)

12. Үздік жас сақшы – Қуаныш Нұрлыислам Байбосынұлы (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті)

13. Үздік жас спортшы – Райханов Шынболат Сарсенұлы (Шардара ауданы) мен Төленбай Қасымхан Бақытбекұлы (Бәйдібек ауданы)

14. Үздік жас мұғалім – Бекмұратов Ұлжан Жақсыбайқызы (Жол көлік колледжі)

15. Үздік жас дәрігер – Жорабекова Ғазиза Орынбасарқызы (Шардара ауданы)

16. Үздік жас өндіріс маманы – Сүлейменов Рауан Ғалымжанұлы (Созақ ауданы)

17. Үздік жас кәсіпкер – Кеңесов Қанат Нұржанұлы (Сарыағаш ауданы)

18. Үздік жас суретші номинациясы бойынша – Қасмырзаев Бекмырза Наурызбекұлы (Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті) марапатталады.

19. Үздік жас дизайнер – Бейсенбаев Данияр Уласбекұлы (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) және Абдуразаков Шингизхан Нажмитдинұлы (Шымкент қаласы)

20. Үздік жас жазушы – Мұраталиева Арайлым Сайрамбайқызы (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті)

21. Үздік жас ақын – Таир Мағжан Шатемірұлы (Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті)

22. Үздік жас видео монтаждаушы – Боранбаев Жансерік Мұхтарұлы («Айғақ» теле-радио компаниясы)

23. Үздік жас тележүргізуші – Күзербаев Нүркен Әлмаханұлы («ON’TUSTIK»телеарнасы)

24. Үздік жас журналист – Жолымбетова Нүргүл Ерғалиқызы (ТВК телеарнасы)

25. Үздік жастар теле бағдарламасы – Әділбек Әлия Анарбекқызы (Отырар телеарнасы)

26. Үздік шығармашылық ұжым – «Үрмелі және соқпалы аспаптар» оркестрі (Оңтүстік Қазақстан саз колледжі) және «Думан» халықтық жастар театры (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті)

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.