Басты бет > Саясат > ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауы бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Мақтарал ауданының активімен кездесті.

Облыс әкімінің орынбасары Төлеген Сәрсембаев бастап келген ақпараттық-насихаттық топтың құрамында облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Мараим, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Рахмет Бектаев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры, саяси ғылымдарының магистрі Ербол Байқонысов, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ерғали Білісбеков, облыстық қаржы басқармасының басшысы Әбдірахман Тасыбаев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің бизнес және коммерцияландыру кафедрасының аға оқутышысы э.ғ.к, доцент Махалбай Өскеновтар бар.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков: “Ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда Жолдауда қойылған міндеттердің маңызы өте зор. Жалпы, жылдағы дәстүр бойынша Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында республикалық, облыстық, қалалық және аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, жыл бойы кезең-кезеңмен жұртшылықпен кездесулер мен талқылаулар өткізетіндігі белгілі және ондағы мақсат мемлекет саясатын дұрыс түсіндіру” – деді.

Облыстық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі, лекторы ОҚМПУ-нің Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Мүсілім Алдабергенов, аудандық кәсіпкерлік мектебінің директоры Нұрлыбек Бахтияров, “Нұр отан” партиясы аудандық филиалы “Жас Отан” жастар қанатының хатшысы Мұхтар Бейсенбаевтар “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” Жолдауындағы бағыттар бойынша баяндама оқыды. Сондай-ақ, кездесудің соңы сұрақ-жауапқа ұласып, облыс әкімінің орынбасары Т.Сәрсембев жиынды қорытындылады.

“Бүгінде барша қазақстандықтар Жолдаудағы алдымызға қойылған міндеттерді орындауда. Жолдауды насихаттап халыққа дұрыс жағынан жеткізе білу біздің басты міндетіміз. Сол міндетімізді орындау мақсатында осы кездесуді ұйымдастырып, пікір алмасуға келіп отырған азаматтарға алғысымды білдіремін. Жиынға келгендеріңіз үшін рахмет!” – деді Т.Сәрсембаев.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.