Басты бет > Хабар > Облыста дəрігер мамандар кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алып, жасөспірімдерге қажетті көмекті дер кезінде ұсыну үшін арнайы оқудан өтеді. 

Облыста дəрігер мамандар кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алып, жасөспірімдерге қажетті көмекті дер кезінде ұсыну үшін арнайы оқудан өтеді. 

Шымкент қаласындағы 3 – емханада Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен және «Bilim foundation» қоғамдық қорының  ұйымдастыруымен арнайы мамандар мен басқарма жəне Шымкент қаласындағы барлық емхана бас дәрігерлерінің және шақырылған мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Жиын
барысында “Кəмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу” бағдарламасындағы денсаулық сақтау саласы мамандарының рөлі және дәрігер мамандардың арнайы оқытудан өту мәселелері қарастырылды. Жасөспірімдерге қажетті көмекті дер кезінде ұсыну үшін қала бойынша 351 дәрігер маман осы айдан бастап арнайы оқудан өтеді. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы  №139-р бұйрығымен бекітілген «2015-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани – адамгершілік құндылықтарды  нығайту жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 36-тармағына сәйкес жүзеге асуда. Сондай- ақ ҚР Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының  Ішкі істер министрлігің 2015 жылғы «Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу жөніндегі жобаны кезең-кезеңмен енгізу туралы» бірлескен бұйрығына байланысты бастау алған. Қазақстан Республикасының Үкіметінің  жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің 2016 жылдағы «Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлықтарының алдын алу бойынша  2019 жылға дейінгі жол картасын» жүзеге асыру бағытында бүгінгі күні Шымкент қаласында биылғы жылдың наурыз айынан бастап «Жасөспірімдер арасында денсаулық және өмірлік дағдыларды қалыптастыру және суицидтің алдын алу»  бағдарламасы өз жұмысын  бастаған болатын. Бағдарлама бойынша Шымкент  қаласында орналасқан мектептер мен колледждердің педагог-психологтары арнайы оқытудан өтті. Күйзелісте жүрген балаларды ерте анықтап, дер кезінде көмек беру үшін денсаулық сақтау саласының мамандарының рөлі орасан зор. Себебі суицидтік мінез-құлықтың негізгі факторының бірі ол психикалық денсаулық, дейді мамандар. Сондықтан денсаулық сақтау саласы мамандарын оқыту мәселесі аталмыш бағдарламаның маңызды бөлшегінің біріне айналып отыр.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.