Басты бет > Хабар > Нөлдік төзімділік таныт

Нөлдік төзімділік таныт

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Күрең Тұлпар» қоғамдық бірлестігі «Нөлдік төзімділік таныт» атты шарасын 16 аудан кездесу өткізді.
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткен кездесулерде Жергілікті ПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы мен «Күрең тұлпар» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, үздік жас блогер Олжас Мамыр, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшылары қатысты.
Кездесу барысында қоғамда жиі орын алатын заңбұзушылықтар мен ұсақ тәртіпсіздіктер жайында айтылып, алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, өткен жылдың үздік блогері атанған Олжас Мамыр бүгінде қоғамда кеңінен қанат жайған әлеуметтік желі пайдаланушыларының мәдениеттілігі мен құқықтық сауаттылығы, жауапкершілігі жайында кеңінен сөз қозғады

Өткізілген шараның негізігі мақсаты «Қоғамдық тәртіпсіздікпен ұсақ құқықбұзушылықтарға» Нөлдік төзімділік таныту» қағидасын түсіндіру, насихаттау және қалыптастыру болып табылады. Түркістан облысының 16 ауданында 4000 жуық қатысушыға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиындарға зиялы қауым өкілдеі, қоғамдық бірлестік мүшелері, ауданның ардагерлері және жастар қатысты.