Басты бет > Саясат > “Нұр Отан”:

“Нұр Отан”:

«Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейін бағдарламасының жобасын талқылау мақсатында «Онтүстік су» филиалының «Су ресурстары-маркетинг» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.


Жиналысқа төрағалық еткен «Онтүстік-су» филиалының төрағасы, саяси кеңес мүшесі Мұхтар Садықов ел тарихындағы партияның ролі туралы айтып өтті.
-1 наурызда «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы атап өтіледі. Партия тарихы тәуелсіз Қазақстанның дамуымен және жетістіктерімен тығыз байланысты. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Елбасының сарабдал саясаты арқасында еліміздің тәуелсіздігін нығайта алды, қысқа мерзімде мемлекеттің берік іргетасын қалады. Экономикалық реформалар сәтті жүргізілді, ел дамуының стратегиялық жоспарлары әзірленіп, жүзеге асырылды. Бүгінде еліміз дамудың жаңа кезеңіне өтті,- деді ол.
-Осы кезеңде стратегиялық жоспарлар арқасында «Су ресурстары-маркетинг» компаниясы өз қызметі барысында айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Технологиялық процестерді цифрлау жүргізілуде. Су қабылдайтын құрылыстардан түпкілікті тұтынушыға дейінгі сумен жабдықтау автоматтандырылған үдерісті басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады, барлық негізгі көрсеткіштер – желінің қысымы, шығыны, ағып кетуі орталық диспетчерлік қызмет көрсету орталығында мониторда көрсетіледі. «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында жаңа қала маңындағы елді мекендерге сумен жабдықтау желілері беріліп, тұрғындар таза ауыз сумен қамтамасыз етілді, барлық тұтынушыларға суды есепке алу құрылғысы орнатылды. Қаланың тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1000 км-де ағынды суларды бұру желілері өткізілді. Қызметкерлердің деңгейі өсіп келеді, олар үшін кәсіпорын базасында оқу орталығы құрылды. Кәсіпорында әлеуметтік мәселелер де шешілуде, – деп атап өтті төраға.
– Партияның бағдарламасында «Нұр Отан» қазақстандықтардың сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етілуін қолдайтынын атап өтті. Тұрақты баспана – әрбір адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі. Біздің қызметкерлеріміздің 40 пайызы – 30 жасқа дейінгі жастар. Олардың көпшілігінде өздерінің жеке тұрғын үйлері әлі жоқ. Осыған байланысты біз жас отбасыларға ипотекалық тұрғын үй алу үшін ставкаларды төмендету туралы ұсыныс жасауға ниет білдіреміз, – деді «Су ресурстары-Маркетинг» қауымдастығының төрағасы Бақыт Жолдаров.
Бастауыш партия ұйымының белсенді мүшесі Әбідин Сәкенов тұрғын үй, білім беру, жұмысқа орналастыру сияқты негізгі қажеттіліктермен қатар, жастардың рухани қажеттіліктерін шешу қажет дейді.
– Қазіргі қазақстандық қоғам үшін әр жас қазақстандықтың патриотизм сезімін және белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру маңызды болып тұр. Осы мақсаттарда қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаны әзірлеу қажет деп есептейміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бұл бағдарламаның негізі бола алады, – дейді партия белсендісі.
Кездесу барысында партия мүшелері білім беру, медицина, шағын және орта бизнесті дамыту туралы ұсыныстар енгізді. Тұтастай алғанда, партия мүшелері 2030 жылға дейін партияның ұсынылған жобасының бағдарламасын қолдады.

Медиаон ақпарат