Басты бет > Саясат > Нұр Отан: «7-20-25» бағдарламасы бойынша халықпен кездесу өтті

Нұр Отан: «7-20-25» бағдарламасы бойынша халықпен кездесу өтті

Шымкентте «Нұр Отан» партиясы филиалының ұйымдастыруымен №59 мектепте Елбасының «7-20-25» бағдарламасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы қызметкерлері, екінші деңгейлі банк өкілдері, Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері, №59 мектептің мұғалімдері, Қайтпас мөлтек ауданының тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Гулнар Аширбаева қаладағы «7-20-25» бағдарламасына біршама тоқталып кетті.

– Басқармасы тарапынан «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде алғашқы жарнаға көмек көрсету жолдары қарастырылып, жобасы инвестициялар және даму министрлігіне жіберілген.

Осы мәселе барлық өңірлермен талқыланып, қазіргі таңда республикалық деңгейде бірыңғай ереже дайындалуда.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында білікті педагогтар, дәрігерлер, полиция және басқа да сұранысқа ие мамандар үшін «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде жергілікті бюджет есебінен бастапқы жарнаны ішінара субсидиялау бойынша тапсырма берілген. Осы орайда өңірлер өз пікірлерін, яғни бұл мәселені шешу үшін көмек көрсетудің үлгілік қағидаларына және «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына толықтырулар енгізу қажеттілігін инвестициялар және даму министрлігіне ұсынған- деп сөзін түйіндеді.

ОҚОФ «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның менеджері Даулет Қосан әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін қалай пайдалану қажеттігі бойынша түсіндіріп өтті.

– Қазіргі таңда Шымкент қаласында «7-20-25 Ақпараттандыру орталығы» ашылып, онда екінші деңгейлі банк өкілдері және құрылыс компанияларының, «Баспана» ИҰ» АҚ-ның өкілдері азаматтарға бағдарламаға қатысты сауалдар бойынша түсіндірме жұмыстарын күнделікті жүргізуде. Сонымен қатар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында бейнероликтер көрсетіліп, нұсқаулықтар таратылуда. Басқарма және банк қызметкерлері арасында пікір алмасу үшін арнайы «чат» ашылған.

Бүгінгі таңға Шымкент қаласы бойынша «7-20-25» бағдарламасы аясында 206 өтінім 2 096,3 млрд.теңгеге қабылданып, 97 өтінім 1 026,3 теңгеге қанағаттандырылған-деді ол.

Жиын барысында банк қызметкерлері және жиналған халық арасында сұрақ жауаптармен алмасу болды. Әрбір азаматтар өздеріне қатысты көптеген сұрақтар қойып, лайықты жауаптар алды.

Медиаон ақпарат