Басты бет > Саясат > «Нұр Отан» партиясының  ОҚО филиалында Жолдауды жүзеге асыру жолдары талқыланды

«Нұр Отан» партиясының  ОҚО филиалында Жолдауды жүзеге асыру жолдары талқыланды

Бүгін  «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті.  Жиынға облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыс бойынша филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаев пен саяси кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, аудан, қаладан сайланған делегаттар мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Конференцияға қатысушылар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын халыққа түсіндіру мен  ондағы басым бағыттарды саралап, атқаруға тиіс жұмыстарды сөз етті.

Ел Президенті атап көрсеткен он меженің өңірде жүзеге асырылуы бойынша тиісті жұмыстар басталып кеткенін айтқан аймақ басшысы Жолдауда көрсетілген міндеттерді іске асыру жалпыға ортақ екенін жеткізді.

«Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкүндіктері» атты кезекті Жолдауын: «Елінің ертеңі үшін» жасалған батыл қадам мен байыпты пайым деп есептеймін. Заман талабына орай еліміз озық та өркендеген елдерге қарап бой түзеуде. Бас құжатта айтылған барлық басымдықтар іске асқаннан кейін егемен еліміздің өзі заманауи дамудың үлгісіне айналып, дамушы елдерге үлгі-өнеге көрсететін болады. Сондықтан да Жолдауда көрсетілген міндеттерді халыққа кеңінен насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын жандандыруды «Нұр Отандықтарға» тапсыра отырып,  ел дамуына қарқын беретін құжатта белгіленген бағыттарды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын»,-деді Ж.Түймебаев.

Жиында сонымен қатар халықаралық «Түркология» орталығының ғылыми қызметкері Қазыбек Тәжиев, «Достық»  өзбек ассоциациясының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы  Саяси кеңесінің мүшесі Икрам Хашимжанов, облыстық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі Нұралы Әбішов, Енбекші аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бердіқұл Садықов, «ҚазТрансОйл»  АҚ «Шымкент» қабылдау тауарлық пунктінің операторы Бағжан Нарпаевалар сөз алып, Жолдаудан түйген ойларымен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ олар Елбасының алдымызға қойған міндеттерін орындауда Оңтүстік Қазақстандықтар алдыңғы қатарда болатынына сенім білдірді.

Конференция барысында облыстық партия филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, мәжіліс қорытындысы бойынша қарар қабылданды.

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.