Басты бет > Саясат > «Нұр отан»: Мақсат – халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту

«Нұр отан»: Мақсат – халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту

Шымкент қаласында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беруге бағытталған Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы 2016 жылы ашылған. Орталық күнделікті 300-ге дейін көлік құралын тіркеу және 100-ге дейін жүргізуші куәліктерін беруді жобалаған.

Миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласы үшін бұл жеткіліксіз. Күнделікті орталыққа орташа есеппен 500-550 азаматтар әртүрлі сұрақтармен келеді. Сондықтан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына көнілі толмай, арыз-шағымын «Нұр Отан» партиясына жеткізеді.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барған партия филиалы басшылығы орталық жұмысымен танысып, проблемалық мәселелерді аудан әкімі және мекеме басшыларымен талқылады.

Орталықтағы қызметкерлердің саны 101 адам, олар құжаттарды қабылдау, өтініштерді шығару, талонды беру және т.б. іс-әрекеттерді жүзеге асырып, орындау үшін жиналған іс-құжаттарды тіркеу-емтихан бөлімінің қызметкерлеріне өткізеді.

— Шымкент қалалық Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында 2018 жылы 100073 көлік құралын тіркеу куәлігі, 32130 жүргізуші куәліктері беріліп, 83483 көлік құралы есептен шыққан, 104114 мемлекеттік нөмір тіркеу белгісі берілді, кепілдіктердің тіркелгені саны 16641, — дейді МХҚКО бөлім басшысы Дәулет Дүйсенбеков.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес әрбір қызмет белгіленген уақытта көрсетілуі тиіс. Алайда, қызмет алушылардың саны көп болғандықтан, қызмет көрсету уақыты және сапасы бойынша сын-ескертпелер айтылды. Партиялықтардың айтуынша әсіресе, қызметкерлердің қабылданған құжаттарды өңдеуге үлгермеу, көлік құралының мәліметтерін тексеру, дайындау барысының ұзақтығы әсерінен кезекке бойынша арызданушылар.

* Біздің басты мақсатымыз – халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту. Бұл жерде бірнеше проблемалық мәселелер бар. Біріншіден, мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 1 жарым сағат болуы керек. Орталыққа келушілер үшін кезек күту үлкен мәселе. Екінші мәселе, сырттағы ақысыз автотұрақ және автокөліктердің кептеліс көп орын алады. Сондықтан автотұрақ мәселесі тез арада шешілуі тиіс, — деп «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов аудан әкіміне ұсыныстарын айтты.

Сонымен қатар, кездесу барысында қызметкерлерге артылған жүктемені азайту, ескі автокөліктерді тіркеуден шығару, сондай-ақ, түйіні шешілмеген мәселе – мекемеге дейін қатнайтын қоғамдық көлік алдағы уақытта қарастырылатын болды. Осы мәселелерді жоғары деңгейде шешу үшін қалалық филиалда арнайы жиын өтетін болды.

Медиаон ақпарат