Басты бет > Жастар > Нұр Отанның нұрлы істері…

Нұр Отанның нұрлы істері…

«Теміржол» партия филиалының ұйымдастырумен «Денсаулық» БПҰ-да жастардың репродуктивті денсаулығын алдын алу мақсатында теміржол қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Фото Нұр Отан Қызылорда Теміржол.Онда «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева кез келген аурудың алдын алу, өз денсаулығын жүйелі түрде тексертіп тұру, салауатты өмір сүру – бүгінгі әрбір азаматтың өмір сүру дағдысына айналдыру ретте партия тұрғыдан жасалып жатқан жұмыстарға тоқтады. 


Денсаулықты қорғауда теміржолшы жастарды ақпараттандыруды «Апаттар медицинасының теміржол госпиталдары» АҚ филиалы терапия бөлімінің меңгерушісі Шолпан Арғынбаева мен дәрігер Роза Тлеулиева жүргізді. Тренинг барысында мамандар репродуктивті денсаулықтың маңызыдылығы жайлы әңгіме жүргізді. Сонымен қатар өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру, адам денсаулығының сақталуын тек емдеу ғана емес, аурудың алдын алу жолында бағыт бағдар беріп, теміржолшы жастарды ақпараттандырды.
Отбасы денсаулығын қорғау, дені сау жас отбасын жоспарлау, аурулардың алдын алуға қатысты түсіндірме жұмыстарын тыңдаған қатысушы жастар қызығушылық танытып, сауалдар қойып, пікір алмасты.Тренинг соңында жастар арасында салауатты өмір салтын құруда туындайтын мәселелер болса оны шешуде жеке қабылдаулар жүргізілетін хабардар етті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.