Басты бет > Мәдениет > Наурыз -Бағаналыда!

Наурыз -Бағаналыда!

74
views

Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады. 

Наурыз — жыл басы. Парсы тілінде «нау» — «жаңа», «руз» — «күн» деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын — ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл — тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Бір тал ексең, он тал ек!», деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз — достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген.
Дəл осындай ұлы күнді мереке ЕТКЕНШымкент қаласы Қаратау ауданында Бағаналы көшесіндегі наурызды айтар едім. «Үй сатып алма, көрші сатып ал Деп бекер айтылмапты, Көше тұрғындарының бір кісідей ат салысып, арқа жарқа кездесіп, көрісуі қала асфальт і емес, дала мейірімін, қазағымның барын айшықтады Дастарқанның басты асы наурызкөже десек , Наурызкөжені жеңге келін, апалар арнайы дайындап , жеті түрлі тағамнан жасалған. «Наурыз көжені тойып ішу керектігін сонда жыл бойы тоқшылық болады!» деген сенімді насихаттап , ішкізіп жатты. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата — үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі дейміз ғой! Осы көшенің ақ сақалы » Биылғы кіріп келген ит жылы, келіндеріміз иттей күшіктесін , деген əзіл сөзімен бастап ,Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!» — деп бата берді.
Мереке қызған кезде , би басталды. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталатыны даусыз! Жүректер жылыуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын — Достық мерекесі.
22 наурыз — Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Гүл -Көктем , мерекесі өз жалғасын табуда ! Ал Бағаналыда тұратын ел, қызыр қонған берекелі, мерекелі шаңырақ иелері! Келіндеріңізге атаның ақ батасы қабыл болсын! ƏР от басы сəбилер күлкісімен толсын!
Еліміздің демографиясына үлес қосатын əр алтын алқасы бар ана Бағаналыдан табылсын! Ұлыс оң болсын ағайын!

«МедиаON» ақпараттық агенттігінің директоры — бас редакторы

Малика Абдалиева

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *