Басты бет > Жастар > Назарбаев: Тіл мамандары ортақ келісімге келгенде ғана жаңа әліпби жайында жария етемін

Назарбаев: Тіл мамандары ортақ келісімге келгенде ғана жаңа әліпби жайында жария етемін

Картинки по запросу назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда латын әліпбиін енгізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Латынға көшу бәрін де алаңдатып отыр. Бұл жайында көп айтылды. Біздің ғалымдар менің тапсырмамен ұзақ уақыт жұмыс істеп, барлық тарихты қарап  шықты. Көршіміз Өзбекстан, Түркия қалай енгізгендігін, олардың тәжірибесін қарады. Компьютерге бірден қоя салу үшін ілік болмау керектігін айттым. Ноқаты, үтірі бар, тек қазақ дыбысына тән 8 әріп бар. Міне соларды нақтылау қажет. Барлық мәселе осында», – деді Елбасы Ақордада өткен отандық және шетелдік журналистермен кездесуі барысында.Назар

Осы ретте Мемлекет басшысы латын әліпбиін енгізуді Парламентте  талқылауды ұсынғанын айтты.

«Ымыра болғанда, тіл білімі мамандары мен тарихшылар ортақ келісімге келгенде мен жаңа әліпби жайында жария етемін. Бұл ертең осы әліпби қолданысқа енеді дегенді білдірмейді», –  деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті кирилица да өз қызметін жалғастыра беретіндігін атап өтті.

«Кирилицамен жазып, орыс тілінде сөйлетіндердің алаңдамауларына болады», – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар ҚР Президенті 2022 жылдан бастап 1 сынып латын әліпбиімен оқитындығын айтты.

«Меніңше, бұл тез өтеді. Өйткені, бүгінде барлық балалар ағылшын тілінде оқиды. Ал ол латынша. Сіздер мен біздер үшін де бұл үлкен проблема болмақ емес», – деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, әлемдегі ақпараттардың 70 пайызы латын әріпімен таралады, ғылыми-техникалық прогрес де осы тілде басым жүруде. Сонымен қатар Елбасы латын әліпбиіне көшу жобасы соңына дейін тыңғылықты дайындалуы керектігін ескертті.

«Қазақ тілінде щ, ю, я әріптері жоқ. Японияны қазақтар Жапония дейді. «ч», «ю», «я», «ь», «ъ» белгілері жоқ. Яғни біз осы әріптерді қолдану арқылы нағыз қазақ тілін бұрмаладық. Сол себепті енді негізі тілге көшпекпіз. Бұл бүкіл мемлекет үшін маңызды шара және онда ағаттыққа жол беруге болмайды»,-  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.