Басты бет > Қоғам > Мәжілісте мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері талқыланады

Мәжілісте мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері талқыланады

Мәжілісте мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері талқыланады

Бүгін палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады, деп хабарлайды  BNews.kz.

Ол бойынша депутаттар дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша түзетулерге арналған заң жобасын екінші оқылымда талқылайтын болады.

 

 

Сондай-ақ, осы күні халық қалаулылары халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы заң жобасын қарайды.

Алдағы жалпы отырыста Мәжіліс конституциялық заңдарға мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша түзетулерге қатысты Конституциялық заң жобасы мен мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобалары, сонымен бірге, жер қатынастарын реттеуге қатысты түзетулер бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындамақ.

“МЕДИАОН” ақпарат

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.