Басты бет > Мәдениет > Шымкент рухани жаңғыру: Мірәлі баб кесенесі

Шымкент рухани жаңғыру: Мірәлі баб кесенесі

Мірәлі баб кесенесі  Сайрам елдімекенінде орналасқан. ХІ-ХІІ ғасырларда ислам дінін күшейту мақсатында Исфиджап (Сайрам) қаласында, феодалдардың танымал адамдарына арналып салынған ескерткіш. Мірәлі баб кесенесі ХІ ғасырдың соңы мен ХІІ-ғасырдың басында өмір сүрген қасиетті адамның құрметіне арналып салынған.
Мірәлі баб кесенесі ежелгі Сайрамның көне құрылыстарының бірегейі. Жергілікті тұрғындардың бұл ескерткішті күтіп ұстауы арқасында бастапқы кейпі болмаса да, біздің уақытымызға дейін сақталған. Әрине, бірнеше жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аумағы 9,8х6,4 м, күмбезінің биіктігі 9 м кесене төрт бұрышты портал-күмбез түрінде салынған, ішкі құрылымы аркалы қабырғалардан тұратын шаршы үй. Мойындығы мен күмбезін қасбетке қаратылған  HYPERLINK “http://www.gpedia.com/kk/gpedia/%D0%9A%D1%96%D1%80%D0%BF%D1%96%D1%88” кірпіш белдеу бөліп тұр. Қабырғалары күйдірілген кірпіштен қаланған. Мірәлі Баба  – XII ғасырда өмір сүрген діни ғұлама. « HYPERLINK “http://www.gpedia.com/kk/gpedia/%D0%A1%D0%B0%D0%B9%D1%80%D0%B0%D0%BC_%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B_%D1%80%D0%B8%D1%81%D0%B0%D0%BB%D0%B0” Сайрам туралы рисала» кітабында Мірәлі Бабаның ислам қағидаларына жетік болғандығы, дінді уағыздау мен ел арасына таратуда орасан зор еңбек еткендігі айтылады