Басты бет > Хабар > Мырзашөл халқы 2 ге бөлінді!

Мырзашөл халқы 2 ге бөлінді!

37
views

Құрметті мақтааралдықтар! Бүгін Мырзашөл халқы үшін тарихи оқиға орын алды. Елдің талай жылдан бергі асыл арманы орындалып, еңсесі көтеріліп қалды. Күні кеше Елбасы аудан тұрғындарының талап-тілегін ескеріп, ауданды Мақтаарал және Жетісай ауданы ретінде екіге бөлу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл тарихи шешім мақтааралдықтарды ерекше қуанышқа бөлеп, желпіндіріп, қуаттандырып отыр. Себебі, халқы өте көп, тығыз қоныстанған, демографиялық өсімі жоғары өңірде екі ауданның құрылуы жергілікті әкімшілік–басқару жүйесінің жұмысын дамытып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мол мүмкіндіктер берері сөзсіз. Ауыл шаруашылығы саласында егістікті әртараптандыруға, суармалы егістікті толық игеріп, ағын сумен қамтамасыз етуді жақсартуға, мелиорация жағдайын реттеп, коллектор-дренаж жүйелерін қалпына келтіруге оңтайлы сәт туды. Енді Мырзашөлді одан әрі гүлдендіріп, көркейтуге, шағын және орта бизнесті кең ауқымда дамытуға мүмкіндік молая түсетін болады. Жаңа мектептер мен медициналық ошақтардың, тұрғын үйлердің тағы басқа да әлеуметтік нысандардың көптеп салынуына да кең жол ашылғалы отыр. 

Тарих еншісіне айналып үлгерген жиырма бір жыл ішінде ауданымыз экономикалық тұрғыдан өрлеп, халықтың тұрмысы, әл-ауқаты жақсарды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен республикалық бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, Сырдария өзенінен өтетін «Тәуелсіздік» көпірі, мемлекеттік мақта зауыты, Шардара су қоймасынан су тартатын жаңа машина каналы секілді ірі жобалар іске қосылды. Бұл Мемлекет басшысының мақталы өңірге деген шынайы қамқорлығы, ерекше ықыласы деп білеміз.

Мен аудан әкімі ретінде, барша аудан тұрғындары атынан екі ауданды қалпына келтіру жөнінде тарихи шешім жасаған Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа шексіз алғысымды білдіремін.

Ал, барша аудан тұрғындарын қуанышты, тарихи сәтпен құттықтаймын! Әрдайым Елбасының салиқалы саясатын қолдап, еліміздің өркендеп дамуына өз үлесімізді қоса берейік! «Ынтымағы жарасқан елдің ырысы артады» демекші, халқымыздың ауызбіршілігі мықты болсын! Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Құрметпен Жамантай Бейсенбаев,
Мақтаарал ауданының әкімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *